Линейка

1 қыркүйекте біздің мектепте білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Осы ерекше күні оқушылар мен мұғалімдер бірге жаңа оқу жылының басталуын атап өту үшін жиналды. Мереке достық және салтанатты жағдайда өтті. Бүгін бірінші сынып оқушылары алғаш рет біздің мектептің табалдырығын аттады. Мектеп директоры Айсұлу Бақытжанқызы Ермағамбетова барлық білім алушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.








