14 наурыздан бастап елімізде Наурыз мейрамын атап өтудің жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі басталады! Бұл мереке бір күнмен шектелмей, 10 күн бойы ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналған. Қазақ халқы Наурызды әрдайым бірнеше күн бойы тойлаған. Ал Наурызнаманың әр күні қоғам өмірінің маңызды аспектілеріне арналады.